Мемлекеттік кірістер комитеті темекінің жаңа бағасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылдың 15 шілдеден бастап «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Ең төмен бөлшек сауда бағалары қолданылады
20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
2023 жылғы 15 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға – 820 тенге;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 тенге.