15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме

3 Қыркүйек 2024, 09:30
1736
Бөлісу:
15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме
Фото: BAQ.KZ

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіледі деген ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию режимі енгізілетіні туралы таралып жүрген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі, - делінген хабарламада.

Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда.

Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы