15 наурыздағы референдум: Негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуге арналған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 автордан  Бүгiн 2026, 17:10
Бүгiн 2026, 17:10
361

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуге арналған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы комиссия отырысында мәлім болды.

Жоспарға сәйкес, референдумды ұйымдастыруға қатысты барлық кезеңдер нақты мерзімдермен айқындалған.

Атап айтқанда, 12 ақпан мен 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізу кезеңі белгіленді.

Сонымен қатар:
• 2026 жылғы 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамдары, сондай-ақ референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтер жарияланады;
• 22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізімдер ұсынылады;
• 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету жұмыстары жүргізіледі;
• 12–14 наурыз күндері учаскелік референдум комиссияларына бюллетеньдер жеткізіледі;
• 14 наурыз – тыныштық күні;
• 15 наурыз – дауыс беру күні.

Осылайша, комиссия бекіткен күнтізбелік жоспар референдумды заң талаптарына сәйкес әрі белгіленген мерзімдерде өткізуге бағытталған.

Еске сала кетейік, республикалық референдумда азаматтарға 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі ұсынылады.

Наверх