Фото: BAQ.KZ
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК смноптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Кей жерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен, оңтүстікте шаңды дауылмен болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерінде 23-28 м/с, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан асуы мүмкін, кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады.
Түнде Ақмола облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, кей жерінде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уакытта 30 м/с және одан асуы ықтимал, кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Күндіз Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23 м/с күшеюі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, түнде Ақтөбе облысында көктайғақ күтіледі.