15 маусымға арналған ауа райы болжамы

15 Маусым 2019, 09:03
1363
Бөлісу:
15 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Республиканың тек батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.


Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерін тұман басып, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы иқтимал.

Ақмола, Алматы  облыстарының кей жерінде  желдің екпіні 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылода  облыстарының  кей жерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында желдің күші 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 күшейіп, шаңды дауылмен екпіні 23 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады.

Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде таңертең және күндіз тұман болып, жел 15-20 м/с артады.  

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.          


Өзгелердің жаңалығы