15 мамырда теледидар мен радио өшіріледі

15 мамырда Қазақстанда бойынша теледидар мен радио өшіріледі. "Қазтелерадио" АҚ жылдың екінші тоқсанына жоспарланған жөндеу жүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 baq.kz 10 Мамыр 2024 2024, 22:19
10 Мамыр 2024 2024, 22:19
955
Фото: baq.kz

15 мамырда Қазақстанда бойынша теледидар мен радио өшіріледі. "Қазтелерадио" АҚ жылдың екінші тоқсанына жоспарланған жөндеу жүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша ел ішінде теледидар мен радио бір мезетке қызметін тоқтатады.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Осыған байланысты 15 мамырда сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тоқтатамыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.

Наверх