Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерде жауын-шашын болады.
Қарағанды облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.
Ақтөбе облысының күндіз кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының түнде және таңертен кей жерінде тұман түседі, түнде кей жерінде жел жылдамдығы күшеюі мүмкін, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл болып, Маңғыстау облысында дауыл, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Ақмола облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.