Қазақстанның соңғы жаңалықтары

15 гектар аумақ отқа оранды: Алматыда тау өртін сөндіру жалғасуда

25 Шілде 2025, 21:48
622
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Жалын шарпыған аумақ шамамен 15 гектарды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, күрделі таулы рельеф, тік жартастар және өрт сөндіру техникасының жүріп өту мүмкіндігінің шектеулігі сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Құтқарушылар өртпен қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштер арқылы күресуде.

Оқиға орнына 50-ге жуық маман мен 20-дан астам техника, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың су тасымалдайтын машиналары жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толықтай жою жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы