15,4 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды – Омаров

25 Наурыз 2021, 11:08
2281
Бөлісу:
15,4 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды – Омаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 15,4 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталғанын айтты.

Министр баяндағандай, 2016-2020 жылдар аралығында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өспелі қорытындымен 15,4 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, оның 5,4 млн гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта тартылып, 5,6 млн гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды. Ал 4,4 млн гектарды сот органдары арқылы алып қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2019 жылы заңнамалық өзгерістер енгізілгеннен кейін, 2020 жылдың қаңтарынан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық мониторингілеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. 2020 жылғы желтоқсандағы жай-күй бойынша аталған өңірлердегі пилоттық жоба аяқталды, - деп айтты ол.

Сонымен қатар ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша пилоттық өңірлерде 8,3 млн га анықталды, бұл негізінен 7,6 млн га жайылым, 0,7 млн га егістік жерлер. 

Оның ішінде 2,2 млн гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта тартылып, 2,6 млн гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 3,5 млн гектар бойынша жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап ғарыштық мониторг республиканың барлық аумағында қолданылуда, - деді Сапархан Омаров комиссия отырысында.

Өзгелердің жаңалығы