1411 байланыс орталығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды

31 Желтоқсан 2019, 23:30
4130
Бөлісу:
1411 байланыс орталығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласының қызметтері бойынша консультация беру үшін 1411 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағандай, байланыс орталығының қызметкерлері жұмыспен қамту және жұмысқа орналасу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы және басқалары бойынша консультациялар береді.

Естеріңізге сала кетейік, "111 жедел қызмет" байланыс орталығы жабылады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша консультация алу үшін 1411 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы