Павлодарда 14 жастағы мектеп оқушысы көшеде итін қорғап, бейтаныс әйелдің шабуылына ұшырады. Қыз бірнеше күн ауруханада болған. Күдіктіге ҚК-нің 109-1-бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Павлодар-онлайн басылымының мәліметінше, оқиға 7 ақпанда болған. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, көшеде ит үрген кезде жанынан өтіп бара жатқан әйел жануарды теуіп жібермек болған.
14 жастағы қыз үй жануарын қорғауға тырысқан, алайда өзі зардап шеккен. Әйел баланы ұрып-соғып, салдарынан қыз бірнеше күн ауруханада емделген. Шабуыл жасаған әйелді табу үшін баланың туыстары болған жағдайды әлеуметтік желілерде жариялаған.
7 ақпан күні сағат 19:30 шамасында Ломов көшесі, 179/3 мекенжайында бейтаныс әйел екі баланы ұрып кеткен. Соның салдарынан бір бала ауруханаға түсті, – делінген жазбада.
Бүгін бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растады. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.
Оқиғаға бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Шәкенева да пікір білдірді.
Жасөспірім қыз көшеде үрген итіне қатысты белгісіз әйелдің оны теуіп жібермек болғанын айтып, үй жануарын қорғауға тырысқан. Соның салдарынан әйел қызды ұрып-соғып, ол бірнеше күн ауруханада жатты, – деді Сауле Шәкенева.
Оның айтуынша, 14 ақпанда шабуыл жасаған әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы («Ұрып-соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасында баланың ауруханаға жатқызылмағанын, медициналық көрсеткіштер болмағандықтан амбулаториялық бақылауға жіберілгенін мәлімдеді.