-14-тен +18-ге дейін: Еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Бүгiн, 16:36
158
Бөлісу:
-14-тен +18-ге дейін: Еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Фото: Архив BAQ.KZ

«Қазгидромет» 23-25 ақпан аралығында елдің ірі қалаларында күтілетін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана

  • 23 ақпан – Күн бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -11…-13°C, күндіз -2…-4°C.
  • 24 ақпан – Күн бұлтты, күндіз қар мен жаңбыр жауады, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -8…-10°C, күндіз -1…+1°C.
  • 25 ақпан – Күн бұлтты, түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз -1…+1°C.

Алматы

  • 23 ақпан – Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +10…+12°C.
  • 24 ақпан – Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +12…+14°C.
  • 25 ақпан – Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.

Шымкент

  • 23 ақпан – Күн бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.
  • 24 ақпан – Күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C.
  • 25 ақпан – Күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +8…+10°C.

Синоптиктер Астана мен Шымкент тұрғындарына көктайғаққа дайын болуды, ал Алматыда күн ашық әрі жылы болатынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы