14 оқушы уланған: Республикалық олимпиаданың бағдарламасы өзгерді

24 Наурыз 2023, 09:40
1745
Бөлісу:
14 оқушы уланған: Республикалық олимпиаданың бағдарламасы өзгерді
Фото: qmeshit-aptalygy.kz

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Шымкенттегі олимпиадада болған мәселеге пікір білдіріп, жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың өткізу форматын өзгеретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың өту барысын бақылау мақсатында Шымкентке Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова, Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевпен бірге келдім. Министрдің тікелей тапсырмасы бойынша олимпиадада болған мәселелерді анықтап, шаралар қабылдау туралы жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Штабтың құрамына Министрлік өкілдерінен басқа Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Білім басқармасы өкілдері кірді, - деп жазған ол. 

Олар Шымкенттегі олимпиадаға қатысушы оқушылармен кездесіп, жағдайын білдік. Командалардың жетекшілерімен кездескен. 

Шолпан Каринованың айтуынша, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 891 оқушы қатысып жатыр. Олимпиада Ережеге және бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр.

Олимпиада барысында 14 қатысушының дене қызуы көтеріліп, ішек-асқазан сырқаты, сондай-ақ, бір оқушының денесі бөртіп, "желшешек" диагнозының белгілері байқалды. Ұйымдастырушылармен дер кезінде тиіс шұғыл шаралар қабылданған. Бұл оқушыларға шұғыл жедел-жәрдем көмегі шақырылып, Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Балалардың хал-жағдайымен танысу үшін қала емханасының басшылығымен сөйлесіп отырмын. Қазір балалардың жағдайлары қалыпты, тиіс емдерін қабылдап жатыр. Бұдан басқа, ұйымдастыру комитеті тарапынан оқушыларға психологиялық көмек көрсетіліп, барлық қажет шаралар қабылданып жатыр, - дейді ол.

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың туындау себептерін анықтау бойынша барлық қажет шараларды қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау басқармасымен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісе отырып, балалардың тамақтану орны қалалық мектеп-гимназия асханасына ауыстырылған.

Сонымен қатар, штаб отырысында әділқазылар алқасы мүшелерімен бірге ауырған мектеп оқушыларының олимпиадалық қорытындылары мәселесі қарастырылды. Әр бала бойынша әділ, объектив шешім қабылданатын болады.

Штаб мүшелерімен олимпиаданың қорытынды кезеңінің салтанатты жабылу рәсімін жұмыс тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ, жоғарыда орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласында 3-8 сәуір аралығына жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың өткізу форматын өзгертіп, өңірлерде өткізу туралы шешім шығарылған.

Қазір министрліктің барлық құрылымдық бөлімі мән-жайды анықтау және олимпиаданы одан әрі өткізу бойынша кешенді жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бұл жағдай Оқу-ағарту министрінің жеке бақылауында. Мен министрдің тапсырмасымен олимпиада аяқталғанша Шымкентте боламын, - деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі. 

Өзгелердің жаңалығы