14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1 Қыркүйек 2024, 07:45
480
Бөлісу:
14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қыркүйекте Абай облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Облыстың көп бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр аралас бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-18 м/с жетеді.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз болады.

Алматы облысында солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандардағы желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қонаев қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде күн күркірейді, шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскеменде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-18 м/с жетеді.

Жетісу облысының шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Талдықорғанда жоғары өрт қаупi сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупi бар. Облыстың көп бөлігінде аса жоғары өрт қаупi сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Облыстың оңтүстігінде түнде солтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз өңірдің көп бөлігінде 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күн күркірейді. Күндіз солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Қызылорда облысында таңертең солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың көп бөлігінде, әсіресе солтүстік-батыста, облыс орталығында өрт қауіптілігі жоғары болады. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың көп бөлігінде, солтүстік-шығыста, облыс орталығында өрт қауіптілігі жоғары болады. Ақтауда төтенше өрт қаупi сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күн күркірейді. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с жетеді. Петропавлда күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстіктен жел соғады деп күтілуде.

Түркістан облысында күндіз 15-20 м/с екпінмен таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғуы ықтимал. Облыстың көп бөлігінде төтенше (5-класты) өрт қауіптілігі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз солтүстіктен, шығыстан жел соғады. Облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Аталған өңірдің көп бөлігінде, облыстың оңтүстігінде өрт қауіптілігі жоғары. Жезқазғанда солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы