«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 10 қараша күні Астанада және республиканың 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10 қараша күні Астана және Ақтөбе облысында кей кездері тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында тұман түседі.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі.
Маңғыстау облысында - шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз - басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау және Павлодар облыстарында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын батысқа ауыстырады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні - 15-20 м/с.