14 млн теңге жымқырған: Қытайдан тауар жеткізем деген әйел алаяқ боп шықты

Бөлісу:
14 млн теңге жымқырған: Қытайдан тауар жеткізем деген әйел алаяқ боп шықты
Фото: архив

Астанада Қытайдан тауар жеткіземін деп 14 млн теңге ақша жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияға азаматша алаяқтық әрекет туралы шағымданды. Оның айтуынша, белгілі бір қыз сеніміне қиянат жасап, Қытайдан тауар жеткізу сылтауымен 14 млн теңге сомасында ақша жымқырған, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Алматы ауданы криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде 32 жастағы әйелді анықтады, ол интернет-ресурсы арқылы алдау жолымен ақша алған. Жас әйел әлеуметтік желіде жүк тасымалдаушы компания ретінде жалған парақша ашып, Қытайдан тауарларды қолайлы жеткізу шарттарын ұсынады.

Алаяқ жеткізу үшін алдын ала толық төлем сұрады, ақшаны алғаннан кейін, бірнеше айлар өнімнің кешігуі туралы хабарлады және біртіндеп клиенттермен байланысын тоқтатты. Күдіктіге қатысты бұрын да 7 қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды, жалпы келтіріл шығын сомасы 50 млн теңгеден астам. Алаяқ өз кінәсін мойындады.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға сыйақы үшін және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеу,белгісіз тұлғаларға ақша және мүлік аудармау керек екенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы