14 млн АҚШ доллары мемлекет кірісіне қайтарылды

31 Мамыр 2023, 18:03
767
Бөлісу:
14 млн АҚШ доллары мемлекет кірісіне қайтарылды
Фото: Артём Чурсинов архивтен

Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдауда. 

Осы жылдың мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды. 

Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады. Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ.Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды, - делінген ақпаратта.

Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді. 

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы