Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, 2021 жылдың 1-14 ақпан аралығында 16 801 медицина қызметкері екпе алды.
Вакциналау барлық өңірлерде басталды, 778 егу пункттері әзірленген, оның ішінде қазіргі уақытта 166-сы жұмыс жасауда, барлық пункттер суықтық тізбекті қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған.
9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.