2023 жылдың соңына дейін Зайсан ауданындағы – 8, Тарбағатай ауданындағы 6 елді мекенде сапалы ұялы байланыс болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зайсан және Тарбағатай аудандарының шекарадағы елді мекендерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Мәселен, Зайсандағы 33 ауыл талшықты-оптикалық немесе мыс байланыс желілері бойынша интернетке тіркелген. 2023 жылдың соңына дейін Зайсан ауданы бойынша 8 елді мекен, Тарбағатай ауданы бойынша 6 елді мекен ұялы байланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелері шеңберінде интернетпен қамтамасыз етіледі, – деді цифрландыру және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Гүлназ Ахметова.