14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

12 Ақпан 2021, 16:49
3163
Бөлісу:
14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінде Ресей мәдени және білім орталығының қолдауымен «Шын жүрекпен кітап сыйла» акциясы өтті. Оған бүлдіршіндер мен ата-аналар қатысты.

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

14 ақпан десе, бірден есіңізге Әулие Валентин күні түсе ме? Әрі бұл мереке қазақи ортаға жат болған соң, оны тойлауға бүйрегіңіз де бұра қоймайды. Алайда жұрттың көбі біле бермейтін бір мереке бар. Бұл күн - Халықаралық кітап сыйлау күні.

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Бүгін елордада осы мереке аталып өтті. 

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты - жас ұрпаққа әдеби-мәдени мұраларды дәріптеу. Білімдерін кеңейтіп, әдеби мұраларымызды құрметтеуді насихаттау.

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Нұр-Сұлтан қаласында он сегіз кітапхана бар. Оның ішінде алтауы балаларға арналған. №3 балалар кітапханасы 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Бұл мерекенің басқа айтулы күндерге қарағанда өзгешелігі - ерекше балаларға кітап сыйлау арқылы оларға бағыт беру, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының №3 балалар кітапханасының басшысы Марал Ақтаева.
14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Оның айтуынша, бұл мерекенің тағы бір ерекшелігі, балалардың назарын кітапқа аудару екен.

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Кітап - бұл өте құнды зат. Балалардың қызығушылығы әртүрлі. Сол себепті 5-14 жасқа дейінгі оқырмандарымызға барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Көбінесе бес жасар бүлдіршіндер фантастикалық бағыттағы суреттері көп басылымдарды ұнатады. Әрине, жасы үлкейе келе таңдаулары да өзгеріп отырады. Бүгінгі мереке кітапханамыз үшін ерекше, себебі балаларға қалаған кітаптарын сыйлай аламыз, - деді Марал Ақтаева.  
14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Бұған дейін қала кітапханаларының мерекелік шаралары карантиндік режимге қарамастан, онлайн түрде де жүргізіліп келді. Қазір оффлайн шараларға түрлі қонақ шақыру арқылы кітапхана оқырмандарын рухани құндылықпен қамтып отырады.  

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Әр айға жоспарланған іс-шараларымыз уақытылы өтіп келеді. Мекемемізде белгілі ақын-жазушылармен кездесулер болып тұрады. Олар өздерінің жаңадан шыққан кітаптарын сыйлайды. Сонымен қатар, Ресей мәдени және білім орталығымен тығыз байланыстамыз. Қандай да бір кітап апталығы болса да, бізге қолдау көрсетіп, көршілес мемлекеттің мәдениетімен, әдебиетімен, ақын-жазушыларымен танысуға мүмкіншілік сыйлайды. Қазақ тіліндегі кітаптар да жетерлік, - деді қалалық кітапханалар директоры Гүлбадан Мәдібаева.  
14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Атаулы мереке 2012 жылдан бері тойланып келеді. 

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Оның бастамашысы блогер әрі үш баланың анасы - Эмми Бродмур. 

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Бір ұлы Эммиге «Неге адамдар бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деп сұрақ қояды. Ешқандай жауап таба алмаған анасы сол күннен бастап «Кітап сыйлау күні» деп атап, бұл үрдісті әлеуметтік желісі арқылы насихаттай бастайды. 

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Сол себепті бұл мерекеде кітапты көбінесе балаларға сыйлаған дұрыс деп саналады.

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Акцияға «Ақбөпе» балабақшасының даярлық тобының бүлдіршіндері қатысты. 

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Келген қонақтар балаларға қызықты сұрақтар қойып, кейіннен бүлдіршіндер өлең айтты. 

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Іс-шара соңында бүлдіршіндерге кітаптар табысталып, сыйлық ретінде төсбелгілер тағылды.

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы