132 мың қазақстандық құмар ойын ойнаудан бас тартты

3 Шілде 2024, 18:20
275
Бөлісу:
132 мың қазақстандық құмар ойын ойнаудан бас тартты
Фото: Туризм және спорт министрлігі

132 мың адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындардан шектеу қызметін пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 маусымда 130 мыңнан астам адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеді. 

Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған. 

18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді. Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады. Сақ болыңыз! Өзін шектеу заңсыз интернет-казинолар мен букмекерлік кеңселерге қолданылмайды. Заңсыз ойын ресурстарына барудан аулақ болыңыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы