Қазақстанның соңғы жаңалықтары

130 миллион долларлық зергерлік алаяқтық: Түркияда іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан еліне қайтарылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экстрадициялауды Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асырды. Күдікті Түркияда ұсталып, Қазақстанға тапсырылды.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылы қызылордалық әйел арзан бағамен зергерлік бұйымдарды аламын деп уәде беріп, жәбірленушілерден алаяқтық жолмен ақша алған. Оның әрекеті салдарынан сегіз адам зардап шекті, жалпы материалдық шығын шамамен 130 миллион теңгені құрады.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті Қазақстаннан қашып кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған. Оның жүрген жері жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, кейін шетелде ұсталды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Оған айып тағылған қылмыстары үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы