Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2004-2017 жылдар аралығында 40 миллионнан астам гектар орман жойылып кеткен. Бұл туралы Euronews хабарлайды.
Ормандар Бразилия, Парагвай, Аргентина, Малайзия, Индонезия және Мадагаскар елдерінде жылдам қарқынмен жойылып барады.
Сарапшылардың пікірінше, жаһандық ағаштардың кесілуі мәселесінің 10% Еуропа елдерінің сиыр еті, соя бұршағы, тері, кофе, какао, резеңке және пальма майы сияқты өнімдерге деген сұранысына байланысты.