Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, 13 қыркүйек күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады.
Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысы мен шығысында кей жерде тұман болжанады.
Атап айтқанда, Алматы, күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай болжанады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.