Қазақстанның соңғы жаңалықтары

13 өңірде жол қозғалысы қиындайды

Бөлісу:
 Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі ауа райының нашарлап, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қиындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, қар түсуі болжануда.

Жол жағдайының нашарлауы мүмкін болғандықтан, жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтау, рөлде аса мұқият болу және қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау ұсынылады.

Республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы колл-орталықтан алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы