Атырауда 13 бала уланған аквапарктің иесіне 1,8 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Желтоқсан айында жеке кәсіпкерге қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері тоқтатылып, іс Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданған. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі мәлімдеді.
Арада 5 ай өткен соң, көпшілікті алаңдатқан жағдайға қатысты тексерістің қорытындысы шықты. Нәтижесінде бассейндерден алынған 12 сынамаға жүргізілген бактериологиялық және санитарлық химиялық талдауларда судағы хлор мөлшерінің нормативтік көрсеткіштен 2,5 есе жоғары болған.
Қазір көрсетілген мекемеге қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері тоқтатылып, одан әрі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы іс шаралар жүргізілді. Аквапарктердегі сулардан сынамалар алынып, бактериологиялық, вирусологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге тапсырылды. Нәтижесінде бактериологиялық, санитариялық-химиялық талдаулардан хлордың жоғары шамадан тыс екені анықталды, – деді Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Қаламқас Аманжолова.
Еске сала кетейік, шілде айында жекеменшік аквапарктердің бірінде 13 бала хлор буына уланып, зардап шекті. Тексеріс барысында аталған аквапарк санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз және заң талаптарына сай рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені белгілі болды.