Осы аптада, 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні Қазақстанда күн суытып, аяз түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидрометтің» болжамына сенсек, еліміздің солтүстігі мен шығысына суық антициклон келеді.
14 қаңтар күні еліміздің солтүстік өңірлерінде, 15 қаңтардан бастап шығыс аймақтарда түнде күн 30-38 градусқа дейін суытады, - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Аяздан бөлек, жел күшейіп, аяз одан сайын күшейе түседі.