Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС-тің бірінші блогын 8 жылда салуға болатынын айтты. Ол мақсатқа жету үшін салушы компанияға жұмысты жеделдету жөнінде талап қойылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірінші АЭС блоктың құрылысы қандайда қиындықтарға бетпе-бет келмесе, шамамен 10-12 жылда салынады. Алайда, біз технологиялардың үнемі дамып жатқанын және белгілі бір ядролық технологияларды қолдану тәжірибесі бар екенін түсінеміз. Тіпті әлемдік орташа мерзімдерді ескере отырып, біз ресми медігерлер (еск - АЭС салушы компания) алдында осы мерзімдерді жеделдету мүмкіндігі туралы талап қоямыз. Бұл бізге алғашқы блокты 8 жылда, яғни 8 жылға дейінгі мерзімде іске қосу мүмкіндігін беруге тиіс, – дейді министр Энергетика министрлігінде өткен брифингте.
Брифингте Сәтқалиев "АЭС-ті жылдам салынуы құрылыстың сапасына әсер етпей ме?"деген сауалға жауап берді.
АЭС құрылыс сапасына қатысты бүкіл процестер тек қазақстандық бақылаушы ұйымдардың емес, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың қадағалауында болмақ. Яғни, МАГАТЭ және басқа да ұйымдар тарапынан қатаң мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ экологиялық, өрт қауіпсіздігі және басқа да талаптар өте жоғары деңгейде сақталады. Осы талаптардың барлығын ескере отырып, біз құрылыс мерзімін қысқарту сапаға кері әсер етпеуі керек деп есептейміз, – Алмасадам Майданұлы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда екінші АЭС-ті кімдер салатыны туралы жазған болатынбыз.