12 жасар қызға лифтіде тиіскен: Ер адамға сот жаза тағайындады

Сот шешімімен астаналық ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 видеодан алынған кадр Кеше 2026, 17:38
Кеше 2026, 17:38
780
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада ер адам 12 жасар қызға лифтіде тиіскені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қаладағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Оқиға 11 ақпанда орын алған. Сот деректері бойынша, ер адам лифтіде қыздың арт жағында тұрып, оның жеке кеңістігін бұзған. Қыз бұрылып қараған кезде, күдікті лифтіден шығып кеткен. Кейін қыз болған жағдайды анасына айтып берген, ал анасы құқық қорғау органдарына жүгінген. Оқиға видеосы Telegram желісіндегі  EgovPress каналына жарияланған.

Сотта ер адам кінәсін мойындамаған және әрекетіне түсінік бермеген. Сот бұл әрекетті «кіші бұзақылық» деп бағалап, құқық бұзушының әрекетінің кәмелетке толмаған балаға бағытталғанын ескерген.

Нәтижесінде ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх