Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Оқи отырыңыз:
Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Республиканың кей жерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста және шығыста – тұман.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы, Жамбыл облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.