2024 жыл елімізде айыппұлдардың жылы ретінде тарихта қалуы мүмкін. Себебі былтырғы айыппұлдардың көлемі 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 2 есеге өскен деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында көрсетілгендей, 2024 жылғы 12 ай ішінде:
- - тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар - 15 130 010, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,8%-ға артық (10 980 530);
- - әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар - 14 653 448, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ға артық (10 588 669);
- - қолданылған әкімшілік жазалар - 14 653 448, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ға артық (10 588 669).
Салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы – 304 271 231 508 ( 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 185 617 592 043 теңге, өсім 63,9%-ды құрады).
190 468 162 570 теңге өндіріп алынды (2023 жылдың ұқсас кезеңінде 145 939 194 736 теңге, өсім 30,5%-ды құрады).
Жалпы, әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі - 62,6% (2023 жылдың ұқсас кезеңінде – 78,6%), өндіріп алынбаған соманың қалдығы – 113 803 068 938 теңге.
Айыппұлдарды өңдіріп алу бойынша өңірлерді Қарағанды облысы бастап тұр - 86,4%.
Одан кейін Батыс Қазақстан (83,3%), Павлодар (82,4%), Қостанай (82,1%) және Ақмола (81,4%) облыстары жайғасқан.
Өндірілген айыппұлдардың ең аз пайызы Маңғыстау облысында - 16,8%.