12 сағатқа созылған Ресей мен АҚШ келіссөзінде не айтылды?

Эр-Риядта Ресей мен АҚШ өкілдерінің келіссөздері аяқталды, олар 12 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 Наурыз 2025 2025, 10:12
 ТАСС 25 Наурыз 2025 2025, 10:12
25 Наурыз 2025 2025, 10:12
1622
Фото: ТАСС

Эр-Риядта Ресей мен АҚШ өкілдерінің келіссөздері аяқталды, олар 12 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауд Арабиясында өткен консультациялар дүйсенбі күні таңғы 10-нан сәл кейін басталды, келіссөзге қатысушылар үш рет үзіліс жасады. Келіссөздерде Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі мен энергетикалық нысандар бойынша уақытша атысты тоқтату мәселелері талқыланды.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін делегациялар бұқаралық ақпарат құралдарына пікір бермеді. Тараптар бірлескен мәлімдемені сейсенбі, 25 наурыз күні жариялайды. РИА Новости агенттігінің дереккөзі Ресей өкілдерінің келіссөздерден кейінгі көңіл күйінің жақсы болғанын атап өтті.

Наверх