12 қараша - Дүниежүзілік пневмония күні

12 Қараша 2022, 15:58
779
Бөлісу:
12 қараша - Дүниежүзілік пневмония күні

12 қарашада Дүниежүзілік пневмония күнін атап өтіледі. Дәл осы күні  ДДСҰ ЮНИСЕФ-пен бірлесіп пневмонияның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігініғ мәліметінше пневмония - дүние жүзінде ересектер мен балалар өлімінің көп тараған жұқпалы себебі. 2019 жылы 2,5 миллион адам, оның ішінде 672 000 бала қайтыс болды. Қазақстанда пневмониядан болатын аурушаңдық пен өлім-жітім коронавирусқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда өсті.

Халықтың осал топтарының қолжетімді араласулармен қамтылуын жақсарту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған фтизиопульмонологиялық қызметті дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді, оның шеңберінде тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмекті халыққа ұйымдастыру, тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, тыныс алу органдарының аурулары кезінде көмек көрсету үшін, емдеу-диагностикалық процесті жетілдіру, оның ішінде медициналық ұйымдарды жарақтандырумен қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті дамыту жоспарланып отыр, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы