12 мың теңге үшін қылмыстық іс: Оңай олжаның ауыр зардабы

Ақшаны заңдастыру үшін алаяқтар Ақкөл қаласының тұрғынынан 12 мың теңгеге банктік шотын сатып алған.

 ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев Бүгiн 2026, 17:45
Бүгiн 2026, 17:45
455
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт Telegram арқылы келген «тиімді» ұсынысқа алданып, өз банктік шотын алаяқтарға сатып жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақмола облысында банктік шотқа заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақкөл қаласының 20 жастағы тұрғыны өзінің банктік деректемелерін 12 мың теңгеге сатуға келіскен.

Тергеу мәліметтері бойынша, осы жылдың қаңтар айында Красный Яр ауылының тұрғыны интернет-алаяқтаға алданып қалған. Қаскүнемдер қарт әйелді ақшаны үшінші тұлғалардың шотына аударуға көндірген. Олардың нұсқауларын орындаған жәбірленуші белгісіз банктік шотқа 100 мың теңге аударған. 

Полицияға жүгінгеннен кейін қызметкерлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, шот иесін анықтады. Ол Ақкөл қаласының тұрғыны болып шықты.

Кибер полицейледің анықтамасы бойынша жас жігіт Telegram мессенджерінен "жеңіл табыс" туралы ұсыныс көрген. Алаяқтық схеманы ұйымдастырушылар оған банктік шотын 12 мың теңгеге сатуды ұсынған. Жас жігіт бірден келісіп, кейін оның шотына 100 мың теңге түскен, оны белгісіздердің нұсқауы бойынша одан әрі басқа шоттарға аударған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (өзінің банктік шотын үшінші тұлғаларға беру), - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада дүкеннен қымбат күртешені "киіп шыққан" азамат жауапқа тартылды. 

Наверх