Елімізде 12 мың шақырым жолды жөндеу Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық жұмыс болмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Дәулет Аспанбетов PhD докторы, Дүниежүзілік банктің жол секторын реформалау бойынша кеңесшісі атап өтті.
Президентіміз "Адал адам, адал еңбек, адал табыс" ұлттық құрылтайының үшінші отырысында 12 мың шақырым автомобиль жолдарын жөндеу керектігін атап өтті. Ол үшін Үкімет қосымша 2,5 мың км жол жабынын жөндеуді және салуды жоспарлаған. Осы мақсаттарға шамамен 1 трлн теңге инвестиция бөлінеді.
Жолдар - қоғамдық маңызы жоғары мемлекеттік инфрақұрылым екенін атап өткім келеді. Сондықтан мұндай инвестицияларды тек мемлекет көтере алады. Шынында, 12 мың шақырымды жөндеу жұмыстарымен қамту - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық жұмыс көлемі болмақ. Алдыңғылармен қатар Президенттің осы тапсырмасын қазақстандық компаниялардың 100% орындауы және жұмыс барысында отандық жол материалдары мен отандық техника өндірісін 100% пайдалануға ұмтылу маңызды. Өндірістің ішкі нарығын ынталандырған жағдайға ғана мультипликативті әсер пайда болатынын және жол салу әрі жөндеу үшін экономиканың кемінде 7 секторы тартылғанын түсіну қажет: 1) мұнай өңдеу секторы – битум; 2) материалдар өндірісі: қиыршық тас, құм, цемент; 3) машина жасау – мамандандырылған техника және басқалар, - деді Аспанбетов.
PhD докторының сөзінше, тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сапалы салынған жол шығындарды азайтады және іскерлік белсенділікті арттырады.
Сондықтан мен Мемлекет басшысының бұл бастамасын толығымен қолдаймын. Менің ойымша, инвестицияның осы көлемімен жергілікті қоғамдастықтың сұранысын қанағаттандыратын сапалы нәтиже алу үшін қоғамдық бақылаудың әлеуетін кәсіби тұрғыдан ресімдеу маңызды, - деп түйіндеді ол.