Қазақстанның соңғы жаңалықтары

12 адамның өмірін жалмаған өрт: Полиция қылмыстық іс қозғады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
18 Қараша 2025, 10:34
535
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Жетісай ауданында орын алған қайғылы өрт фактісі бойынша құқық қорғау органдары “Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынып, өрттің нақты себептері тексеріліп жатыр, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз таратқан ақпаратта.

Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданатыны хабарланды.

Бұған дейін ТЖМ таңғы уақытта Түркістан облысы ТЖД-ның “101” бірыңғай байланыс пультіне Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Өрт жалпы 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Президент қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу жүргізуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы