Қазақстанның соңғы жаңалықтары

12 адам қаза тапқан жол апатын тергеу үшін ІІМ Ақтөбе облысына арнайы топ жіберді

23 Қазан 2025, 12:50
884
Бөлісу:
 ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ орталық аппаратынан арнайы ұшақпен оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізу үшін жедел тергеу тобы жіберілді.

Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі. Оның ішінде марқұмдардың денесін тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері де бар. Оқиғаны жедел әрі толық тергеу және барлық қажетті рәсімдерді жүргізу үшін барлық шара қабылданады, – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Еске салайық, қайғылы оқиға 23 қазанда Самара – Шымкент тас жолының Белқопа ауылы маңында болған. DAF жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдаған «ГАЗель» көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы