12 қаңтарға арналға ауа райы болжамы

12 Қаңтар 2019, 09:17
1423
Бөлісу:
12 қаңтарға арналға ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Елдің басым аумағында жауын-шашын болып, тек оңтүстік-батыста ғана жауын жаумайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел күшеюі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықимал.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен қатар жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында да тұман түсуі ықтимал. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, түнде және таңертең жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында желсекундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы