Астана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында жауын-шашын болмауы мүмкін. Республика бойынша кей жерде көктайғақ, тұман түсіп, бұрқасын болады, жел күшеюі ықтимал.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.