Қазақстанның соңғы жаңалықтары

11,4 миллиард теңгенің жобасы: Қосшы газға қосылды

16 Қыркүйек 2025, 18:15
374
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілетеме жасап.

Атап айтқанда, елді мекендегі газ реттеу нысанының алғашқы кешені іске қосылды. Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады. Жобаның жалпы құны 11,4 миллиард теңгені құрайды.

11,4 миллиард теңгенің жобасы: Қосшы газға қосылды

Еске сала кетейік, 2021 жылы 27 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосшыға облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы