110 жемқор шартты түрде бостандыққа шықты – Антикор

21 Желтоқсан 2020, 17:17
2318
Бөлісу:
110 жемқор шартты түрде бостандыққа шықты – Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов 2018-2020 жылдар аралығында жемқорлық бойынша сотталғандардың нешеуі шартты түрде босатылғанын айтты.

Соңғы екі жылда шартты түрде сотталған 110 «жемқор»  мерзімінен бұрын босатылды. Олардың ішінде 74-і ауыр сыбайлас жемқорлық жасағандар, 14-і аса ауыр сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандар, - дейді Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол сонымен қатар, соңғы екі жыл көлемінде жемқорлықпен ұсталғандар туралы айтты.

Соңғы 2 жыл ішінде елімізде 4500-ден астам сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелді. 2000-нан астам тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 1300-і сотталды, - дейді агенттік төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы