11 жасар Асыл хикаяны комикс арқылы жеткізеді

15 Наурыз 2022, 18:00
1761
Бөлісу:
11 жасар Асыл  хикаяны комикс арқылы жеткізеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының тұрғыны Асыл Мұрат бүгінде кітап оқудың жаңа жолын комикс арқылы жеткізіп жүр. 

Ол балаларға арналған ертегіні сурет арқылы жеткізеді. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңы хабарлады.

11 жасар Асыл Ж.Сыдықов  атындағы орта мектебінің 6-шы сынып оқушысы. Бала кезінен қолына қалам алып, көрген мультфильмдерінің суреттерін сала бастаған. Бейнелеуге қызығушылығы соншалық әңгімені оқығаннан гөрі оны сурет арқылы көрсеткенді жақсы көреді. Алғаш салған өнері «Пони» атты балаларға арналған  туындының суреттері болатын. Қазіргі таңда «Жалқау ара» ертегісінің комиксін салып, балаларға ұсынды.

Асыл  Мұрат  3-сыныптан бастап білім сайыстарына белсене қатысып жүрген шәкірттеріміздің бірі. Жылда жүлделі орындарды иеленіп, әр сайыста ұстаздарын қуантып жүреді. Бойындағы қабілеті де жыл өткен сайын ұштала түсіп жүр. Нәтижесінде Асыл көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Атап айтсақ, «Русский  медвежонок» халықаралық  интеллектуалдық   байқауында 1-орын, республикалық  «Стихи о войне»  байқауында 1 орын, республикалық  Пушкин оқуларының 2 орын иегері және тағы да басқа жарыстардың жүлдегері атанды, - деді орыс тілі пәнінің мұғалімі Назгүл Сейтқожанова.

Айта кетейік, Асыл қазіргі таңда «Менің атым Қожа» шығармасының комиксін салып жатыр. Сонымен қатар, жас дарын  «Фабрика слов» халықаралық  байқауына жолдама алды.
 

Өзгелердің жаңалығы