11 шетелдік құрылыста заңсыз жұмыс істеген – ШҚО

1 Мамыр 2024, 03:14
635
Бөлісу:
11 шетелдік құрылыста заңсыз жұмыс істеген – ШҚО
Фото: архив

Полицейлер ШҚО-ның Самар ауданында заң бұзушыларды анықтады. Самар ауылында көші-қон қызметінің мамандары уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке үйлерде құрылыс жұмыстарын жасаған көрші елдердің 11 азаматын анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке порталына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, 5-бөлігімен жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК айыппұл және 1-ден 3 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолданылады.

Жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылады. Олар 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Өзгелердің жаңалығы