Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекетаралық іздеу жарияланған Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды Хабар24.
Әнуарбек Жексенғалиевті Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Еске сала кетейік, Ә. Жексенғалиевке 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.
Мұнан бір ай бұрын оған мемлекетаралық іздеу жарияланған еді.
Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлы және Медетбеков Еркін Қалқабайұлына іздеу жариялады. Олар 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктілер бюджет қаражатын жымқыруды алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұйымдастырған, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Агенттік іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпарат үшін ақшалай сыйақы қарастырылғанын жеткізді.
Оқи отырыңыз: