Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы қазанның 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағынардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар жаууы ықтимал.
Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында тұман түседі.
Павлодар облысында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік-Казақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.