11 айда Қазақстан экономикасы 4,4% өсті

Бүгiн, 15:21
128
Бөлісу:
11 айда Қазақстан экономикасы 4,4% өсті
Фото: Үкімет

Қазақстан экономикасы соңғы айда 0,3% артқан. Бұл туралы Премьер-минисьрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, қаңтар-қараша аралығында экономиканың өсуі қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,3 проценттік тармаққа жеделдеп, 4,4% жетті. Нақты сектордағы өсу 5%, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 4,5%-ке артты.

Биыл экономиканың өсуі толығымен мұнай емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде. Мұнай емес сектордың өсуі шамамен - 5,1%. Өсу серпінінің жақсаруы ауыл шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста, сауда да және көлікте байқалады. Салалар арасында ең жоғары өсуді ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы көрсетіп отыр, – деді Байбазаров Үкімет отырысында.

Сондай-ақ елімізде сауда 8,2%-ке, көлік қызметтері 8,1%-ке, өңдеу өнеркәсібі 5,3%-ке өсті.

Жалпы ішкі өнімнің өсуінің 70%-тен астамы сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және құрылыс қамтамасыз етілген. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ке өсті. Инвестицияның ең жоғары өсуі шикізаттық емес салаларда байқалады. Инвестиция көлемі білім беруде 2,2 есеге, ғылыми және техникалық қызметте – 42,1%-ке, көлікте қызметтерінде – 27,2%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 18%-ке өсті, – деді Ұлттық экономика министрі.

Өзгелердің жаңалығы