Қазақстанның соңғы жаңалықтары

11 айда машина жасау саласы екі есе өсті

Бүгiн, 11:57
167
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 11,6%-ға артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралған кезде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, өсім көлік құралдары, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасы, сондай-ақ жабдықтар мен тұрмыстық техника өндірісінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген.

Көрсеткіштердің өсуі ішкі сұраныстың артуына, инвестициялық жобалардың іске асырылуына және қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларына байланысты. Сонымен қатар салада жаңа өндірістік нысандардың іске қосылғанын атап өткім келеді, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар ол елде қандай өндірістің іске қосылғанына тоқталды.

2025 жылы Қостанай қаласында KIA жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыт, Алматыда мультибрендті автозауыт жұмысын бастады. Бұдан бөлек, Астанада “Штадлер Қазақстан” кәсіпорнында жолаушылар вагондарын өндіру, сондай-ақ Атырауда жүк вагондарын шығаратын зауыт іске қосылды, – деді Олжас Сапарбеков.

Өзгелердің жаңалығы