108 жастағы әже шаштараз болып жұмыс істейді

7 Наурыз 2025, 07:23
787
Бөлісу:
108 жастағы әже шаштараз болып жұмыс істейді
Фото: guinnesworldrecords

 Жапонияның 108 жастағы тұрғыны Сицуи Хакоиси 1934 жылы мамандығы бойынша сынақ тапсырған. Қазір ол әлемдегі ең кәрі шаштараз әйел ретінде танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гиннестің рекордтар кітабы таратқан мәліметке сүйенсек, Сицуи Хакоисидің жұмыс орны Токиодан үш сағаттық жерде, Тотигиде орналасқан. Рекордшының жұмыс орнында салон иесі соғысқа дейінгі уақыттан бері қолданып келе жатқан қайшы бар.

Ұзақ өмір сүріп келе жатқан әже 1916 жылы 10 қарашада бірінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағында дүниеге келген.

1934 жылы 18 жасқа толған шағында ол шаштараз мамандығы бойынша емтихан тапсырады. Тұрмысқа шыққан соң жұбайы екеуі өз салондарып ашып, кәсіп бастайды. 1953 жылы ол Накагавада салон ашады. Ол әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.

Өзгелердің жаңалығы