Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің 104 жастағы тұрғыны өз таңдауын жасады, деп хабарлады облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығы.
Тәжібай Түрікменбаев үйінде отырып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Арнайы қорғаныш киімдерін киген учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшікпен ақсақалдың үйіне барды.
Тыл ардагері алпыстан аса немере, екі шөпшек сүйіп отыр. Ауыл ақсақалы тарихи іс-шараға белсенді қатысты.