"100 жылда бір болатын жайт": Археологтар ерекше қазынаны тапты

27 Наурыз 2025, 07:57
7465
Бөлісу:
"100 жылда бір болатын жайт": Археологтар ерекше қазынаны тапты
Фото: Durham University

Британдық археологтар темір дәуірінің ең ірі әрі маңызды қазынасы деген атауға ие болған көмбені қазып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

BBC таратқан мәліметке сәйкес, қазына сол уақытта Британияның солтүстігінде өмір сүрген ақсүйектердің мәртебесі мен байлығын бейнелейді.

Қазына Мелсонбий көмбесі деп аталып, 800-ден астам заттан тұрады. Олардың ішінде екі қазандық, ат әбзелдері, салтанатты найзалар бар.

Бұл тарихи жәдігерлер Солтүстік Йоркширдегі Ричмондшир округінде Мелсонби ауылына жақын маңнан табылған. Қазына байлықтары шамамен 2 мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда көмілген деп болжанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы